• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қазан, 04:06:39
Алматы
+2°

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин санитарлық талаптарды сақтау бойынша шараларды күшейтуді тапсырды.

Оның айтуынша, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

– Жалпы, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Инфекцияның репродуктивті коэффициенті 0,93 құрайды, бұл қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді. Әлемдегі және бірқатар шекаралас елдердегі эпидемияның тұрақсыздығын ескере отырып, біз санитарлық талаптарды сақтау бойынша шараларды күшейтуіміз керек, –  деді ол.

Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстық әкімдіктерге санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың 100% дайындығын қамтамасыз ету, ал денсаулық сақтау министрлігіне 15 қазанға дейін жылжымалы медициналық кешендер мен жедел жәрдем машиналарын, қажетті құрал-жабдықтар, қорғаныс құралдарын сатып алу және аймақтарға беру тапсырылды.

Сондай-ақ Мамин ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша бақылау топтарының жұмысын күшейтуді және өңірлердегі дәрі-дәрмектің бағасын бақылауды тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір