• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:23:42
Алматы
+35°

Зерттеушілердің 140-тан астам тобы қауіпсіз және тиімді коронавирустық вакцинаны әзірлеу үшін жарысуда.

ДДСҰ ақпараты бойынша, қазірге дейін 7 институт вакцинаны сынаудың соңғы кезеңіне жетті.

Соңғы кезеңге жеткен вакциналарды дайындаған елдер қатарында Қытай (4 институт), АҚШ (1 институт), Ұлыбритания (1 институт) және Австралия (1 институт) бар.

Вакциналар әдетте бірнеше жылдар бойы сынақтан өткізуді және ауқымды мөлшерде шығаруға қосымша уақытты қажет етеді, бірақ ғалымдар коронавирустық вакцинаны 12-18 ай ішінде дайын болады деп үміттенеді.

Ақпаратқа сәйкес, адамдарға сынаққа әлі жетпеген 139 түрлі вакцина, бірінші кезеңде 25 вакцина, екінші кезеңде 17 вакцина, үшінші кезеңде 7 вакцина сыналып жатыр.

Ресейдің вакцинасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Ресейдің коронавирустық вакцинасынанан сақ болуға шақырды. ДДСҰ мәліметінше, Ресей вакцинасы басқалардан едәуір артта қалған. 

Ресей қазан айында жаппай вакцинацияны бастауды жоспарлап отыр. Ресей тесттен өткізіп жатқан COVID-19 вакцинасы әлемде әзірленіп жатқан 140 ықтимал вакцинаның қатарына жатады.

Бірақ ДДСҰ одан сақ болуға шақырып, осы уақытқа дейін Ресейде екінші немесе үшінші кезең сынақтары тіркелмегенін айтқан.

ДДСҰ жариялаған құжатта Мәскеудегі Гамалея ғылыми-зерттеу институты ойлап тапқан қондырғы басқа перспективалы дәрі-дәрмектерден едәуір артта қалып, бірінші кезең сынақтарында тұрғандығы көрсетілген.

The Telegraph Ұлыбритания Ресей вакцинасынан бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған.

Бұған дейін Қазақтан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Ресей вакцинасын Қазақстан алғашқылардың бірі болып алғысы келетінін мәлімдеген.

Айта кетейік, ДДСҰ коронавирус вакинасын дайындаудың соңғы кезеңінде тұрған елдерді де жариялаған.

Qamshy.kz

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір