• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:56:34
Алматы
+35°

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 4 шілдедегі дерегі бойынша, өткен тәулікте елде 1644 адамнан коронавирус табылған.

Ведомство жариялаған статистикада жұқтырғандар саны жөнінен Атырау облысы көш басында тұр. Бұл өңірде өткен тәулікте 377 адамнан COVID-19 анықталған. Олардың 325-і симптомсыз науқастар.

Аймақтар бойынша толық статистика төмендегідей:                                 

 (жалпы/симптомсыз)

• Нұр-Сұлтан қаласы - 71 / 34                                                                                 

•Алматы қаласы - 114 / 52

• Шымкент қаласы - 101 / 54

• Ақмола облысы - 42 / 39

• Ақтөбе облысы - 41 / 32

• Алматы облысы - 117 / 93

• Атырау облысы - 377 / 325

• Шығыс Қазақстан облысы - 152 / 81

• Жамбыл облысы - 82 / 66

• Батыс Қазақстан облысы - 110 / 35

• Қарағанды облысы - 76 / 48

• Қостанай облысы - 52 / 37

• Қызылорда облысы - 37 / 23

• Маңғыстау облысы - 114 / 105

• Павлодар облысы - 68 / 15

• Солтүстік Қазақстан облысы - 19 / 11

• Түркістан облысы - 71 / 22

Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, елде коронавирусқа шалдыққандар саны 45 719 адамға жетіп отыр. Осы уақытқа дейін олардың 15276-ы ауруынан жазылып шықты. Ал 188 адам індеттен көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы күндері өлген адамдар туралы ақпарат жариялап жатқан жоқ. Бұған дейін жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көз жұмғандар туралы аптасына бір-ақ рет мәлімет берілетінін хабарлаған. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар алғаш рет наурыз айының басында анықтала бастады. Артынша елде екі айға жуық төтенше жағдай режимі жарияланып, қалалар карантинге жабылды. Мамыр айының ортасында билік төтенше жағдай режимін алып, карантин шектеулерін жеңілдете бастағанда вирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Соңғы айда елде күніне кемі 1000 адамнан вирус анықталып жүр. 

Қазақстан билігі вирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асып, елде жаппай тұмау мен пневмания өрши бастағанда қатаң карантин режимін енгізуге кірісті. Қатаң карантин режимі 5 шілдеден басталмақ. 

Қазір елдегі дәріханаларда дәрі тапшы. Ауруханаларға науқастар сыймай жатыр. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір