23 Маусым, 2020 Аймақтар

Оңдасын Оразалин: Дәрігерлердің еңбегі ерекше

qamshy.kz

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары мен видеоконференция байланысы арқылы қала, аудан әкімдері қатысты. Аймақ басшысы алдымен аудандардағы кәсіпкерлік саласының төмендігін сынға алды. Кейбір аудандарда бірде-бір жаңа жоба жүзеге аспаған. Кәсіпкерлікпен айналысудың жолдарын халыққа түсіндіру жұмыстары мардымсыз. Облыс әкімі аудан басшылары мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры

Анар Даржановаға осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

ренр

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады.
Өңірде пневмониямен ауыратындар саны артқанмен барлығына ем дом жүйелі түрде көрсетілуде. Тұрғындарды сақтыққа шақыру мақсатында телеарналар мен әлеуметтік желілерде үздіксіз тікелей эфирлер ұйымдастырылуда. Бетперделер мен қолғап саны жеткілікті. Дәріханалар мен сауда орындарында олардың саны үш млн. 60 мың экспресс тест бар. Осы орайда,облыс әкімі Оңдасын Оразалин науқастарға демалыссыз қызмет көрсетіп жүрген дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өтіп, тұрғындарды салғырттық танытпауға шақырды.

«Мен ақтөбелік дәрігерлердің білімі мен біліктілігіне сенемін. Ақ халаттылардың жұмысынан кемшілік іздеп, айыптаудың қажеті жоқ. Тұрғындар ең алдымен өз денсаулықтарына өздері жауапты. Талаптарды орындамай, тығылып той томалақта жүргендер ауырады, сосын әкімдік пен дәрігерлерді кіналауға көшеді. Әрбір адам өзі сақтануы тиіс»,-деді облыс әкімі. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда дезинфекциялық шараларды күшейтуді тапсырды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір