Қытай президенті әскери күштеріне соғысқа дайын болуды бұйырды және Бейжің жаһандық шиеленістер жағдайында үкіметтің басты құжатынан «бейбітшілік» деген сөзді алып тастады. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылымның ақпаратынша, Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытай Халық армиясының Ұлттық халық конгресінде сөйлеген сөзінде "соғысқа дайындықты күшейту керек" деп мәлімдеген. 

Қытай президентінің бұл мәлімдемесімен қоса, Бейжіңнің Тайвань туралы жыл сайынғы есебінен «бейбіт түрде бірігу» деген сипаттамалар алынып тасталған.  Бұл сипаттама 2013 жылдан бері құжаттарда бар болған. 

Ал Қытай коммунистік партиясының ағылшын тілінде шығатын Global Times газеті "Бұл Бейжіңнің Тайваньды қосып алуға бел буғанын көрсетеді" деп жазды. Алайда басылым "бұл бейбіт нұсқалар үстелден толығымен алынып тасталды дегенді білдірмейді" деп хабарлады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай әскери күштер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір