• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Мамыр, 17:08:02
Алматы
+35°

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдағы коронавирус бойынша өлім мөлшері АҚШ-тан әлдеқайда көп екенін айтты, деп жазады South China Morning Post. 

Басылымның жазуынша, жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайды Ухань зертханасын тексеруге АҚШ-қа рұқсат беруге шақырған.

– Біз Қытай коммунистік партиясынан сарапшыларды Ухань вирус зертханасына кіргізуін сұраймыз. Сонда ғана вирустың қайдан басталғанын анықтай аламыз, – деген Помпео Fox News-ке берген сұхбатында.

Помпеоның пікірі зертханаға қатысты дауды күшейте түссе, АҚШ президенті Дональд Трамптың твиттердегі жазбасы Қытайда COVID-19 таралу деңгейіне қатысты күмәнді қоюлатты.

Трамп  твиттердегі жазбасында "Қытайдағы өлім мөлшері АҚШ-тан әлдеқайда жоғары, тіпті қарайлас та емес!" деп жазған.

Сондай-ақ АҚШ президенті жұма күні журналистерге Қытайдағы өлім мөлшері әлем бойынша ең көп екеніне сенімді екенін айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір