• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:04:11
Алматы
+35°
Әлеуметтік желіде Қазақстан әнұранын сайқымазаққа айналдырған қысқа ролик тарап, өз кезегінде бұл әрекет желі қолданушылардың ашу-ызасын туғызды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Видеода көрсетілгендей, әуелі бірнеше адам оң қолымен кеудесінің сол жағын ұстап, гимнді орындағандай бейне танытады. Сосын іле-шала басқаша түрге еніп, әнұранды "рэпке" айналдырып билей жөнеледі.

Бұл аздай ролик соңында Қазақстан әнұраны қалай монтаждалғаны да ашық көрсетілген.

Бұл әрекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңына қайшы екені белгілі болса да, видео instagram әлеуметтік желісінде жылдам таралып жатыр.

Дәлірек айтқанда, аталған Заңның 9-шы бабы, 4-ші тармақшасында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтіні мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалардың және өзге де өнер туындыларының негізі ретінде пайдалануға болмайды» деп анық жазылса да ролик иелері оған пысқырмайтын секілді.

Айта кетейік, видео TikTok видеохостингінің көмегімен жасалған. Мұндағы TikTok сөзі – қысқа видеолар түсіруге арналған халықаралық видеохостинг дегенді білдіреді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір