• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:08:01
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 NEWS

Алматыда 30 мыңнан астам оқушы орны жетіспейді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен жиында қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова білім саласындағы маңызды мәселелердің шешілу барысы туралы айтты.

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес барлық мектептерде осы мәселелерге білім беру жүйесінің (Жаппай оқыту қоры) жалпы бюджетінің кем дегенде 1% қаржысы қарастырылған. Қаржы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие әрі күн көрісі төмен, сонымен қатар төтенше жағдай салдарынан жедел көмекке зәру отбасылардың оқушыларына әрі ата-ана қарауынсыз қалған жетімдерге беріледі.

«Айта кетерлігі, мемлекеттік стандарт қызметіне сәйкес Алматыда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар оқушыларының барлығы Жаппай оқыту қоры қаржысы есебінен 100% тегін тамақпен қамтылған», - деді қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова.

Жаппай оқыту қоры қаржысынан 2019 жылы қала бойынша осы санаттағы 20,7 мың балаға 1,235 млрд. теңге (мектепті ұстауға кететін шығынның жалпы сомасының 2,3%-ын құрайды) қарастырылған. 2019 жылдың 9 айы ішінде жалпы сомасы 536 млн. 725 мың теңгеге 20 735 оқушы тегін тамақтанды.

Білім басқармасының басшысы ағымдағы жылы мектептер мен колледждердің материалдық-техникалық базаларын нығайту үшін тігін машиналар жиынтығының, интернаттар үшін мультимедиялық жабдықтар мен білім мекемелері үшін жиһаздардың сатып алынғанын айтты. Білім мекемелеріндегі ескірген проекторлар 450 данаға жаңады.

2019 жылы оқушы орнының тапшылығын азайту үшін Алатау ауданында 600 орынды №201 мектеп, Бостандық ауданында №105 мектеп жанынан 300 орынды қосалқы нысан пайдалануға берілді.

Түрксіб ауданындағы «Колхозшы» елді мекенінде 600 орынды мектептің, Әуезов ауданының «Мамыр» ықшамауданында 1200 орынды мектептің, сонымен қатар жеке инвестиция есебінен (Е. Тәтішев қоры) 600 орынды мектептер, № 61, 123, 164, 172 жанынан 1717 орынды қосалқы нысандар және әлеуметтік жауапкершілік аясында ашылуы 2020 жылдың қыркүйегіне жоспарланған №140 мектеп жанынан 300 орынды қосалқы нысан салынуда.

2020 жылы МЖӘ бойынша 12900 орынды 8 мектептің, 1640 орынды 3 жеке мектептің, мектептер жанынан әрқайсысы 600 орынды 2 қосалқы нысанның құрылысын бастау жоспарланған.

Қазіргі кезде 30 183 оқушы орны жетіспейді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір