• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 00:26:33
Алматы

15 Қазан, 2019 Саясат

Кедей елді әлемге әйгілі мемлекетке айналдырған саясаткердің үздік 10 қағидасы

Егер мемлекет дұрыс басқарылмаса, ақылдылар елден кетуге мәжбүр болады. 

Ли Куан Ю – қайталанбас көшбасшы және Сингапур елінің негізін қалаған алғашқы премьер-министр. Ол 2015 жылы 91 жасына қараған шағында дүниеден озды. Ли Куан Ю реформалары артта қалған Азия елін алдыңғы қатардағы мемлекетке айналдырған саясаткер ретінде тарихта қалды. Оның есімі экономикадағы ғажайып сөзімен қатар айтылады. Тіпті оның Сингапурдағы ғажайыптың әкесі деген аты да бар.  Саясаткердің қағидалары бірнеше тілге аударылып, жоғары бағалануда. Оның жемқорлық, саясат туралы қағидалары шыншылдығымен ерекшеленеді. Ол кедей елді атақты Сингапурға айналдырғанын мақтанышпен айтып жүрген. 

"Біз ештеңесі жоқ елден Сингапур жасап шығардық.  150 адамнан тұратын балықшылар ауылын экваторға жақын танымал қалаға айналдырдық", – дейді Ли Куан Ю. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ли Куан Юдың қағидаларын оқырман назарына ұсынады. 

***

Жемқорлықты түп тамырымен жоюды өзіңіздің 3 жақын досыңызды түрмеге қамаудан бастау керек. Олардың кім екенін сіз жақсы білесіз. 

***

Билікті өз пайдасына асыру кезіндегі адамның тапқырлығынан асқан тапқырлық жоқ. 

***

Талантты адамдар әр мемлекеттің асыл қазынасы. 

***

Табысты басқарушылар құмдағы інжу. 

***

Біздің халық басқалардан көмек сұрауды әдетке айналдырмау керектігіне сенімді болдым. Біз жетістікке жетуді қаласақ, тек өзімізге ғана сенуіміз қажет. 

***

Әлсіз адамдар ғана оңай жолды таңдағандарға дауыс береді. Бірақ шын мәнінде оңай жол жоқ. 

***

Егер мемлекет дұрыс басқарылмаса, ақылдылар елден кетуге мәжбүр болады. 

***

Жауынгерлік рухынан айырылғандар үйде отырып шұлық тоқысын. Саясат ынжықтарға арналмаған. Оған беріктік пен 100 пайыз сенімділік қажет. 

***

Біз жұмысқа деген жаңа көзқарасты қалыптастыруымыз қажет. Жалақының көп бөлігі жұмсалған уақытқа емес, нәтижеге байланысты болу керек. 

***

Егер жоғары білімді ер адам жоғары білімді әйелге үйленгісі келмесе, мен оған ақымақ деп қана айта аламын. Егер сіз жоғары білімі жоқ әйелге үйленсеңіз көптеген қиындықтар туындайды. Бір балаң ақылды болса, енді бірі ақымақ, надан болады. Сол кезде сен жынданып кететінің анық.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір