• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:03:54
Алматы
+35°

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек қазақстандық әуетасымалдаушылар билеттерінің бағасы қымбат болуының себебін түсіндірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Билеттердің жоғары құнының негізгі проблемалары тасымалдау сыйымдылықтарының тапшылығы және қолда бар сұранысты қанағаттандыру үшін әуе кемелерінің жетіспеушілігі болып табылады", - деді Қасымбек.

Ол тарифтердің құнын төмендету мақсатында мамыр айында алғашқы отандық Fly Arystan лоукостері іске қосылғанын еске салып өтті. Әуекомпания жыл соңына дейін күнінен орындалатын рейстер санын екі есе (14-тен 28-ге дейін) ұлғайтуды көздеп отыр.

"Үкімет "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-мен бірлесіп әуе кемелері паркін ұлғайту мақсатында Air Astana және Qazaq Air авиакомпанияларын қосымша капиталдандыру жоспарланған. Сондай-ақ, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтауды ескере отырып, авиа отынының бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады", - деп уәде берді вице-премьер.

Ол темір жол билеттерінің тапшылығы мен заңсыз делдалдық әдістердің алдын алу мақсатында билеттерді сатуды цифрландыру жүргізіліп жатқанын, сату тәртібін реттейтін норма енгізілгенін атап өтті. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әуебилеттерінің бағасы қымбат болуына шағымданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір