• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қазан, 07:31:49
Алматы
+8°

Биылғы 1 қыркүйектен бастап студент, магистрант және докторанттардың стипендиясы артады.

Жұмысшы мамандықтарында оқитын колледж студенттерінің стипендиясы 43 574 теңгеге, өзге мамандардағылардікі 41 896 теңгеге өседі. 

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 47 135 теңгеге, педагогика және медицина бағыттарында оқитындардікі 75 600 теңгеге жоғарылайды.

Интернатура стипендиясы 85 376 теңге, резидентураданікі 123 122 теңге болады.

Магистранттар 107 061 теңге, докторанттар 240 мың теңде алады.

Бұдан бөлек 2025 жылғы 1 қыркүйекттен бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға көбейеді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шәкіртақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір