• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қыркүйек, 07:07:53
Алматы
+35°

20 Маусым, 2024 NEWS

Көрнекі сурет

Қазірдің өзінде ыстық су мен жылудың қарызы шамамен 2,1 миллиард теңгеге жетті.

Енді күн сайын «Алматы жылу жүйесіне» қарыз бірнеше ондаған борышкер ыстық судан қағылады. Айта кететін нәрсе, екі және одан да көп ай бойы төленбесе, тұтынушы борышкер санатына еніп, қарызды өтеу туралы хабарлама алады. Егер борышкер сонда да қарызын жаппаса, шара қолданылып, пәтеріндегі не үйіндегі ыстық суы өшіріледі.

Борышкерлерге ыстық су беруді тоқтату – бұл амалсыз қолданылған шара. Кәсіпорын мұндай шараға баруға мәжбүр, өйткені тұтынушылардың жылудың ақысын төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындалуға, қыстан қысылмай шығуға кері әсерін тигізеді. Биыл жыл басынан бері Алматыда жылудың ақшасын төлемеген 1610 абоненттің үйіндегі ыстық суы өшірілген. Бүгінге дейін компанияға жылу мен ыстық су үшін төлемеген 1212 тұтынушының активі, 355 банктік есепшот бұғатталды, төлемді уақытында төлемеген 165 азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды. Сотқа шағым түсіру арқылы пайдаланылған жылу үшін берешекті өндіріп алуда борышкердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, көлік құралын, банктік шотын бұғаттау, республикадан тыс жерге шығуына шектеулер енгізу, қызметтің барлық түрі бойынша лицензиялардың қолданылуын және мемлекеттік органдардан құжат рәсімдеуді тоқтата тұру көзделгенін естеріңізге саламыз, - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: борышкерлер ыстық су

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір