• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қыркүйек, 06:54:50
Алматы
+35°

14 Маусым, 2024 NEWS

15 маусымнан бастап әйелдер үшін не өзгереді?

Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали өзінің инстаграм-парақшасында 15 маусымда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енетінін жазды.

Көрнекі сурет

"Әйеліне қол жұмсағандар 295 мың теңге айыппұл арқалайды немесе 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіледі.

Әйелінің денсаулығына жеңіл немесе ауыр зардап келтіргендер 3-8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Іс қозғау үшін жәбір көрген әйелдің арызы қажет емес. Көрші, туысы айтса, куәгер болса немесе фото-видео болса жеткілікті.

Агрессорлар тергеу изоляторына немесе түрмеге қамалады және қаулы бойынша үйінен кетуі тиіс. Бұрынғыдай ұрып-соғып алып, кешірім сұрап, қайтадан шай ішіп отыра алмайды", - деп жазды заңгер. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір