• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 17:50:07
Алматы
+35°

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанағазиев Сингапур Республикасы Парламентінің спикері СЕА Киан Пэнмен кездесті, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде Сингапур тарапынан делегация құрамында Цзянси провинциясы халық үкіметі кеңсесі директорының сыртқы істер жөніндегі орынбасары, Цзянси провинциясы денсаулық сақтау комитеті директорының орынбасары, Цзянси провинциясы Цзюцзян университетінің ректоры, Цзянси провинциясы халықтық жиналысы тұрақты комитеті кеңсесі жанындағы бөлім бастығының орынбасары болды. Қазақстан  тарапынан Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Австралия одағындағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Құттықадам Асқар, VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі - Құсбеков Олжас, "Caspian Group" Директорлар кеңесінің төрағасы - Цхай Юрий Андреевич, "Caspian Group" директоры - Ким Александр және "Алатау" АЭА басшысы - Саурбек Жәнібек қатысты.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев "Alatau city" жобасын ағылшын тілінде таныстырды. Тараптар экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстанның Сингапурмен тығыз ынтымақтастығы Алматы облысымен қарым-қатынастың дамуына да оң әсерін тигізді. Екі тараптың өзара іс-қимылының қысқа мерзімді жоспарларында туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту, ұзақ мерзімді жоспарларда баламалы энергетика, ТКШ, білім беру және ауқымды инвестициялық жобалар болып табылады.

– Сингапурдың ірі компанияларының ерекшелігі – олар өз капиталын басқа елдердің экономикаларын дамытуға белсенді түрде салуда. Алатау қаласында жобаларды дұрыс іске асыру – оны бүкіл әлем бойынша ілгерілету үшін өте жақсы мүмкіндік, – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Мысалы, қазіргі уақытта сингапурлық "Surbana Jurong" компаниясымен бірлесіп "Алатау" интеграцияланған қаласын салу туралы жоба бойынша жұмыс жалғасуда. Алматы облысындағы "Алатау" интеграцияланған қаласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес жоба төрт тақырыптық ауданнан тұратын болады: "Gate City" – іскерлік және қаржы орталығы; "Golden District" – білім беру және медициналық хаб; "Growing District" – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ; "Green District" – туристік кластер. Алатау қаласында шамамен 2,2 млн. адам тұрады деп болжануда.

– Алматы облысы-экономикалық, өндірістік, туристік әлеуеті бойынша еліміздің жетекші өңірлерінің бірі. Алатау қаласының Алматы мен Қонаев қалалары арасында орналасуы стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Бұл тек осы аймақты ғана емес, бүкіл елді дамытудың локомотивіне айналады. Сингапурлық және халықаралық бизнес осы жобаны іске асыруға қатысады деп үміттенеміз, – деп атап өтті Асқар Құттықадам.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Екіжақты инвестициялық ынтымақтастық айтарлықтай өсуде, түрлі бағыттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Өткен жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар 30 жылдығын атап өтті. Тараптар жаһандық бастамаларға өзара қолдау көрсетеді.

Анықтама: екі елдің тауар айналымының көлемі 2023 жылғы жағдай бойынша 1,6 млрд долларды құрады. АҚШ, экспорт – 1,5 млрд доллар, импорт – 75 млн доллар.

2023 жылдың желтоқсан айында ҚР-да Сингапур капиталының қатысуымен 143 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген.

Соңғы үш жылда елдер арасындағы тауар айналымы 16 еседен астам өсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір