• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 23:44:12
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Алматыда Диснейленд салынады

Алматыда ірі ойын-сауық паркінің құрылысы екі жыл ішінде басталады. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсеналиев айтты.

Фото: көрнекі сурет

«Қазақстанда Диснейленд сияқты ғимарат жоқ. Біз де сондай орталық ашқымыз келеді. Бірақ біздікі ерекше болады. Біз онда дәстүрлі ертегі мен аңыздағы кейіпкерлерді пайдаланғымыз келеді», – деді Дүйсеналиев.

Ойын-сауық орталығында: SPA, гольф, көрмелер тағы басқалар болады.

«Оның атауы «Хеппилэнд» болады. «Диснейлендке» ұқсас. Бұл парк ең алдымен отбасылы және балалы адамдардың демалуына жағдай жасайды. Ғимарат Алматыдан 40 километр қашықтықта, Қапшағай жақта орналасады. Құрылысқа 190 гектар жер берілді.

Егер жоба іске асса, Қазақстанда тағы бір туристік орын пайда болады. Оған қазақстандық қана емес шетелдік туристер қызыға келетін болады», – дейді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Disneyland туристік орта

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір