• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 00:19:02
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2024 Әлеумет

Перзентханада жүкті әйел өзіне қол жұмсады

Тараз қаласындағы перзентханада 33 жастағы жүкті әйел өзіне қол жұмсады

Көрнекі сурет

Таразда 33 жастағы жүкті әйел перзентхананың жуынатын бөлмесінде асылып өлді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының мәліметінше, жүкті әйел жалған толғақ салдарынан бақылауда болып, тиісті ем қабылдаған. Орталықта болған кезде психологиялық ауытқуы байқалмаған.

«Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оларды орындау Жамбыл облысы бойынша сот сараптама институтының мамандарына тапсырылды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір