• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 22:16:50
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2024 Атырау облысы

Зауытта атқылаған бензин: АМӨЗ-дегі апатты тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

Атырау мұнай өңдеу зауытында "атқылаған бензиннің" видеосына қатысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді.

әлеуметтік желіден алынды

Айта кетсек, аталған видео кеше әлеуметтік желілерде тараған. Көп ұзамай "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС түсініктеме беріп, апаттың 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да орын алғанын нақтылады.

Бутендерді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған тікелей айдау бензинінің коллекторынан бос қуыс табылған. Өнімді тез ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв см қысыммен су жіберілді.  

"АМӨЗ" ЖШС аталған жағдай өндіріс процесіне теріс әсер етпеді деп сендірді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті орын алған апат салдарынан ешкім зардап шекпегенін нақтылады.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен аварияны тергеу үшін арнайы комиссия құрылуда", делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатыны да ескертіледі.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір