• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Сәуір, 00:08:54
+35°

21 Ақпан, 2024 Ақтөбе облысы

Ақтөбеде Қытай азаматы үш жылға сотталды

Ол үш жыл бойы мемлекетке салық төлеуден жалтарып келген. Осы мақсатта заңсыз әрекетке барған шетелдік жалған құжаттар жасаған.

әлеуметтік желіден алынды

Ақтөбеде сотта "Азия Бақанас" ЖШС басшысы Ақыш М-ға және Қытай Халық Республикасының азаматы CHEN GUOQING-ке (Чэнь Гоцын) қатысты жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге жуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық іс қаралды.
 
"Тергеу барысында анықталғандай, ұйымдастырушы Чэнь Гоцын алдын ала келісе отырып, «Азия Бақанас» ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған", делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
 
Сот үкіміне сәйкес, Гоцын 3 жылға, Ақыш 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір