• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Сәуір, 23:26:03
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2024 Қарағанды облысы

Танымал саясаткердің ұлы егде жастағы шешесін сабады деген күдікпен ұсталды

Қарағандыда зіңгіттей жігіт егде жастағы анасын сабап тастаған. Мұрны, бірнеше қабырғасы сынған кезіндегі қала басшысы, марқұм саяси және қоғам қайраткері Шаймерден Оразалиновтың әйелі болып шықты.   

Ашық дереккөздерден алынды

Ұлына зиян тигізбес үшін 78 жастағы ана бастапқыда жедел жәрдем көмегіне жүгінбеген, сөйтіп мүшкіл халде екі күндей үйінде жатып қалған.

Бірақ үшінші күні әйелдің жағдайы қатты нашарлағанын көршілері біліп, дәрігер шақыртқан. Ал дәрігерлер бірден полицияға хабарласып, басбұзар ер адам ұсталды.

Сұрақ-жауап алу кезінде жігіт проблемаларға басы әбден шатылғаннан жүйкесі сыр беріп, бар өшін анасынан алғанын айтқан. 

Қарағанды қалалық тергеу соты марқұм Оразалиновтың ұлын екі айға қамауға алды. 

Шаймерден Оразалинов - саяси және қоғам қайраткері, кезінде Қарағанды қаласының әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің екінші және үшінші шақырылымдарының депутаты болған. Ол 2019 жылы 77 жасында дүние салған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір