• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 21:24:56
Алматы
+35°

ЕАЭО елдері арасында орыс тілінде білім беретін мектептер саны жағынан Қазақстан Ресей мен Беларусьтан кейінгі үшінші орында тұр. 

Қазақстанда 7723 мектептің 3754-і балаларға орыс тілінде білім береді. Ал Қырғызстанда – 2350 мектептің 901-і, Арменияда – 1353 мектептің 45-і орыс тілінде оқытады. Бұл туралы ЕЭК хабарлады. 

Еске сала кетейік, алдағы оқу жылында Қазақстанда 3,9 млн бала мектепте білім алады. Оның ішінде 364 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биыл бірініші сынып оқушыларның 31,8 пайызы орыс мектебіне баруды таңдаған. 

Сонымен қатар, 2023 жыл Қазақстанда орыс тілі жылы болып жарияланған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір