• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:28:48
Алматы
+35°

БҰҰ Ауғанстандағы радикалды "Талибан" қозғалысының 2021 жылдан бері 200-ден астам шенеунік пен әскери қызметкерлерді дарға асқанын хабарлады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) сайтында жарияланған баяндамасында айтылды.

"UNAMA Ауғанстанды тәліптер басып алғалы бері бұрынғы үкімет мүшелері мен Ауғанстан Қарулы күштері өкілдерінің сотсыз өлім жазасына кесілуіне қатысты кем дегенде 218 жағдайды ресми түрде тіркеді", - делінген құжатта.

БҰҰ-ның тергеу материалдарына сәйкес, радикалды ағым Ауғанстанды басып алғаннан кейін 800-ден астам азаптау, дарға асу, еш негізсіз тұтқынға алу секілді факті тіркелген. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҰҰ Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір