• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:36:46
Алматы
+35°

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы конфессияаралық диалогты дамытуға және өшпенділікпен күресуге бағытталған қарарды қабылдады.

Қабылданған қарарда бойынша дін және наным-сенім үшін адамдарға қарсы жасалған зорлық-зомбылық әрекеттердің барлық түрлері айыпталады.

"Құжатта діни рәміздерге, қасиетті кітаптарға, тұрғын үйлерге, жұмыс орындарына, мүліктерге, мектептерге, мәдениет үйлері мен ғибадат орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекеттерді айыптауға назар аударылды”, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

БҰҰ қарарының мәтініне діни рәміздер мен қасиетті кітаптарға сілтемелерді енгізу туралы шешім Еуропаның бірқатар елдерінде Қасиетті Құран өртеп, оны қорлау оқиғаларының тізбегі аясында қабылданды.

Қазақстан БҰҰ-ға мүше басқа 47 елмен бірге бұл қарардың теңавторы болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір