• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 22:07:44
+35°

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының соты Жібек Бостанбекованы "тыйым салынған ұйым жұмысына қатысты" деп айыртап, бас бостандығын бір жылға шектеді.

Бұған Бостанбекованың былтыр кезектен тыс президент сайлауы алдында ҚДТ қозғалысының жетекшісі, қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтың Instagram-парақшасындағы тікелей эфирге қосылып, сұрақ қойғаны себеп болған. 

Сонымен қатар, Бостанбекованың қоғамдық қызметпен айналысуына 3 жылға шектеу қойылған. Оған сот шығыны үшін 250 мың теңге, жәбірленушілер өтемақы қорына 10 АЕК төлеу міндеттелді. 

Айыпталушы іс-әрекетін "экстремизм" деп санамайтынын айтты. Жібек Бостанбекованың сөзінше, ол бұған дейін Әблязовтың митингілеріне қатыспаған, белсенді болмаған.

Алайда құқық қорғаушылар істің "саяси астары бар" дейді. Бостанбекова сот шешіміне қарсы шағым беретінін айтты.

Дереккөз: Азаттық радиосы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әблязов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір