• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 11:58:15
Алматы
+35°

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны, бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын оқу орны.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - сан алуан мамандықтарды ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешен.

Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк; 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академигі, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаты, 47 мемлекеттік ғылыми стипендияның стипендиаты. Университетте 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар көп деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде білім алуда. Cондай-ақ университет бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын, студенттер алмасуын және тағылымдамадан өтуді жүзеге асыру үшін әлемнің 418 ірі халықаралық университетімен ынтымақтасқан.

Біз оқитын философия және саясаттану факультетінде 10 мамандық бойынша мамандар дайындалады.Мамандықтарды үш тілде оқыту бойынша топтар бөліп қарастырылған. Сонымен қатар үздік студенттерді шет елде білім алып келуге жіберетін және қос дипломдық бағдарламалар жүзеге асырылады. Бағдарламалар шығармашыл ойлауды қалыптастыруға, жоғары деңгейде ақпарат алуға, жүйелік байланыстарды түсінуге ықпал етуге бағытталған. Факультеттің 6 кафедрасында білімімен танылған ғалымдар, жоғары білімді педагогтар жұмыс істейді.Философия және саясаттану факультетінде білім алу арқылы студент интеллектуалды, мәдени,сауатты,адамгершілік және физикалық дамуға қол жеткізеді.Сонымен қатар студенттер университет шараларына белсенді қатысып жаңа таланттарын аша алады.Әлеуметтік өзгерістерге бейімделу және жағымды мінез-құлық үлгілерін дамыту дағдыларын үйренеді.

Қазақ Ұлттық Университеті - сенім пен болашақ мекені.Талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. Университетіміз білім алушылардың тұлғалықдамуына зор әсерін тигізетін. Сондай-ақ тек білім ғана емес өз студенттерінің жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені.Университет адам өмірдегі үлкен қадамдардың бірі.Болашағыңды үздік университетпен байланыстыру оң шешімдердің бірі. Себебі үздік университет пен керемет орта жарқын болашақтың кепілі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Әлеуметтану мамандығының 4 курс студенттері
Қыпшақ Ақнұр Қуанышбайқызы
Серік Арайлым Серікқызы
Сержан Ақерке

Ғылыми  жетекші: Шеденова Назым Утегалиевна
Әлеуметтану ғылымдарының
 докторы,әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір