• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:44:15
Алматы
+35°

Алматыда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастыруымен ауызашар өтті. Бас мүфти жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Барша мұсылман қауымының тұтқан оразасы, жасаған ізгі амалдары қабыл болуын сұрап, жамағатпен бірге дұға жасады.

Ал зиялы қауым өкілдері Бас мүфтиге алғыс білдіріп, Діни басқарманың игі бастамаларына сәттілік тіледі.

"Рамазан айы – мұсылмандар асыға күткен, кешірім айы. Мүфтияттың танымал адамдар мен зиялы қауым өкілдерінің басып қосып, ауызашар бергеніне қуаныштымын. Ауызашар – қазақ дәстүріндегі әдемі көріністің бірі", деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова. 

Сондай-ақ шараға Досхан Жолжақсынов, әнші Мейрамбек Беспаев, Ернар Айдар, Түркияның Қазақстандағы бас консулы Али Рыза Акынджы, актер Тұңғышбай Жаманқұлов, т.б, танымал тұлғалар мен кәсіпкерлер қатысып, Рамаз айымен құттықтады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауызашар Бас мүфти

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір