• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:57:58
Алматы
+35°

Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыда жұмыс сапарымен болып қайтты.
 
Министр алдымен сайт жетекшілері және блогерлермен кездесіп, Интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты.
 
– Бұл заң жобасы шеңберінде қолданушылардың жауапкершілігі күшейеді. Шетелдік платформалардың қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес реттеледі. Әлеуметтік желі иелері өз интерфэйсін қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілде ұсынуға міндеттеледі. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді, – деді министр. 
 
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған қоса, министр қазіргі уақытта дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп жатқанын, сондықтан министрлік медиа заңнаманың жаңа жобасы жұртшылық назарына ұсынылғанын және оны белсенді талқылауға шақырды.
 
Дархан Қыдырәлі әңгіме барысында әріптестеріне жалған ақпараттың таралмауына мұқият қарап, контент сапасына мән беруді сұрады.
 
Еркін форматта өткен кездесуде алматылық контент жасаушылар министрге сауалдарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.
 
Мұнан соң министр жұмыс сапары аясында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұжыммен кездесті. Министр әуелі университеттің 4000 орынға арналған жаңа ғимаратының құрылысымен танысты.
 
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті – зайырлы мемлекет талаптарына жауап беретін, дін саласында білікті кадрларды даярлайтын жоғары оқу орны. Бүгінде түлектердің басым бөлігі университеттерде, медресе-колледждерде ұстаз болып, мешіттерде наиб имам ретінде, өңірлік Дін істері басқармаларының Дін мәселелерін зерттеу орталықтарында инспектор және теолог болып қызмет етіп жүр.
 
Кездесуде діни кадрларды даярлауға қатысты біршама мәселе талқыланды.
 
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
 
Сонымен бірге министр университет кітапханасына «Көне түркі тіліне аударылған алғашқы құран» кітабын табыстады. Аталған кітап Х ғасырда тәржімаланған.
 
Іс-шараға ҚМБД Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, университет ректоры Мұхаммад Әш-Шаххат Әл-Жинди және ұстаздар қатысты.
 
"Қазақ газеттері" қайта құрылды
 
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің Алматыдағы жұмыс сапары "Қазақ газеттері" ұжымымен кездесумен жалғасты.
 
Жақында ғана қайта жасақталған ұжым құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары кіреді.
 
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
 
Кездесу барысында екі ұжымның бірігуіне орай Думан Анаш «Қазақ газеттері" бас директордың орынбасары – Алматы филиалының басшысы, Ерлан Жүніс "Ана тілі" газетінің бас редакторы және Асыл Сағымбеков «Мысль» журналының бас редакторы болып тағайындалғаны айтылды.
 
Министр өз өтініштері бойынша жұмыстан босаған белгілі қаламгерлер Шамшиддин Паттеев пен Қали Сәрсенбайға жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, арнайы салалық медальдармен марапаттады.
 
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
 
Жиын қорытындысында Д.Қыдырәлі жуырда ғана жаңа ғимаратқа көшкен ұжым қызметкерлерінің жалақасы өскенін, қаламақы мен сыйлықақы көтерілгенін айтты. Сондай-ақ жаңа басшылық алдына тиісті міндеттер қойды.
 
Артынша министр «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Дружные ребята» ұжымын 90 жылдық мерейтоймен құттықтады.
 
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
 
 
– 90 жыл бойы балапандарымызды қуантып, танымдық-тағылымдық ақпараттарымен сусындатып жүрген «Дружные ребята» басылымын мерейтойымен құттықтаймын. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында атқарып жүрген қызметтеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Газет осы уақыт аралығында көптеген тарихи оқиғаның куәсі болды және оларға балалар көзімен қарай білді. Редакция бүгінге дейін өзінің басты миссиясы – өскелең ұрпақты шығармашылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке және аға буынға деген құрметке тәрбиелеу ісін толық атқарып келеді. Балалар баспа басылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін "Дружные ребята" газетіне алғысымды білдіремін!, – деді министр.
 
Жиын соңында Д.Қыдырәлі басылымдағы бірқатар қызметкерді салалық марапаттармен марапаттады.
 
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Алматыдағы жұмыс сапарын «Аlmaty» телеарнасының ұжымымен кездесумен түйіндеді.
 
Министр 2022 жылдан бастап республикалық мәртебеге ие болып, еліміздің барлық аймағына таралатын арнаның жұмысымен танысып, әріптестермен ой-пікір алмасты.
 
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
 
Д.Қыдырәлі ақпарат саласындағы негізгі мәселелер мен жаңалықтарға тоқталып, масс-медиа туралы заң жобасының журналистерге беретін артықшылықтарын атап өтті.
 
Кездесу соңында министр телеарна қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
 
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір