• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 17:41:23
Алматы
+35°

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында келісім-шарт негізіндегі әскери қызметкер өзіне қол салған. Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа хабарлады, деп жазады жергілікті Лада басылымы.

Оқиға ұлттық гвардияға қарасты 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болған. Әскери қызметкер өзінің бөлмесінде белдігіне асылып қалған.

Ерлан Құтқожаның айтуынша, әскери қызметкер небәрі 19 жаста болған. Ұлттық ұлан сапына 2021 жылы қосылған. Ақтөбе облысының тумасы. Әскерде сапер болып қызмет еткен. Үйленбеген.

"Трагедия туралы жақындарына хабар берілді. Жағдайдың жай-жапсары анықталып жатыр. Бұл – сұмдық трагедия" деді Ерлан Құтқожа.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әскердегі өлім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір