• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:46:50
+35°

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 қарашада жаппай тәртіпсіздіктер жоспарлап, билікті асып алуды ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кескенін хабарлады.

Комитет мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталған.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді. Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғандары құжатталған. Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланды. Топ мүшелері «бөтелке лақтырғыш» деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен «Молотов коктейльдерін» лақтыра отырып құқық қорғау органдары қызметкерлерін физикалық жоюды жоспарлаған. Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар – Калашников автоматы, ойық ұңғылы «Меркель» мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтықтығы бөтелкелер, «бөтелке лақтырғыштар», бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған" делінген хабарламада.

ҰҚК жариялаған видеода ұсталғандар шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязовтың идеяларын ұстанатыны, Қазақстанда экстремистік, европарламент бейіт саяси ұйым деп таныған Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының мүшелері екені айтылады.

Күдіктілер ҚР ҚПҚ 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

20 қараша күні елде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҰҚК сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір