• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қараша, 05:46:50
Алматы
+12°

10 Қаңтар, 2024 Тарих

Қызай ананың қысқаша тарихы

Сіз өзіңізден бастап ру атауына дейін неше ата екеніңізді санасаңыз ұзаса он неше атаға дейін, жиырмаға атаға таяп барып тоқтап қалады. Тарихты терең зерттемеушілер осы бойынша есептеп менің руым бірнеше ғасыр бұрын пайда болған ба деп ойсоқты болады. Кез-келген рудың шежіресіндегі ең алдыңғы бірнеше буын мың жылдықтарға баратын ескі ата. Ал одан кейінгі аталар соғыс, ашаршылық, ауғын кезеңдерінде ұмыт болып, оған кейінгі ғасырлардағы жаңа буындар тікелей жалғана салған. Сондықтан, мен сіздің түп атаңызды арғы ғасырлармен байланыстырып зерттегенде ол адамның көп ғасыр бұрын өмір сүргеніне күмән келтірмеуіңіз керек. Ашаршылық, қуғын-сүргін заманында көптеген қазақстандықтар жеті атасын ұмытып қалып, тек руының атына өз атасын, әкесінің атын ғана жалғап айтып беретін жағдайға куә болғансыз. Жоңғар шапқыншылығы жағдайында да осындай істер орын алғаны анық. Сол үшін сіздің шежіредегі ең алдыңғы аталар әрқашан тым ескі заманның адамдары. Оған кейінгі ғасырлардағы жаңа буындар тікелей жалғана берген. Осыны ұмытпаңыз.

Фото: Ашық дереккөз

Кіріспе

Қызайлар өз шежіресін үнемі Үйсінмен байланыстырып шертеді. Сондықтан, Қызайдың алыс қалған тарихын іздеу үшін қиыр шығыстағы Қидандардың емес, Жетісудің, Тәңіртаудың айналасындағы байырғы елдердің тарихын ақтару керек. Қытай тарихы Үйсіннің ықпалында болған елдердің олардың киім-кешек мәдениеті мен тұрмыс салтын жақсы қабылдағанын әртүрлі тайпалар тарауында жазады. Қызай елі өзі ішінде киетін Қызай қалпақ деп аталатын қалпақ түрінің Сары-Үйсін қызы Қызай ананың қолымен, өз төркінінің қалпағына ұқсатып тігіп, елге түгел жалпыластырғанын айтады. Албан қалпақ, Шапырашты қалпақтар да тура осы қалпаққа ұқсайды. Мұндай қалпақ түрлері ең алғаш Үйсіндерден тараған. Осыған пішіні жақын қалпақ түрлерін Ойраттар да киген, Сары Ұйғырлар да, Лопылықтар да, Қырғыздар да киіп жүр. Қызайдың тарихы Найман хандығының кезеңінен мың жылдан астам уақыт алда тұр.

Тарихтың шабыттануы

Іленің ең басты үш саласы - Қас, Күнес, Текес өзендері «Үшбурыл» деп аталады. Күнес өзенінің атына байланысты Күнес аталған ауданда Зекті өңірі, Шақпы суы деген жерлері бар. Осы Зекті - Қызайлардың ең алғашқы және соңғы тарихи астанасы тұрған жер. Қызайдың Дербіс руынан Шәуке атасы тарайды. Бүгінгі Іленің Қас-Күнесі, Байынғолин облысының Хыжиң(Жұлдыз) сахарасын мекендеген Гусы (Гуыс. Қас пен Қызай атауының төркіні) деген ескі мемлекет көне Қызайдың қытайша таңбалануы болса, олардың астанасының Тұрпаннан солтүстік-батысқа қарай жүрген жерде кездеседі дейтін Жяохэ дейтін қаласы осы Дербістегі Шәукенің атында сақталған. Зекті атауын да осыдан қалыптасты деуге болады. Бұл атау Шағыр, Шәуке атауларымен бір мәнде болып, рудың Шақ, яғни Сақ текті екенін көрсетеді. Олардың батысында Үйсіндер тұрды, оңтүстігінде Кенжелер тұрды. Хан империясы бұл аумақтарға ауыз салуға дейін олар Ғұндардың көзі мен құлағы болды. Осыдан 2113 жыл бұрын, Қытайлар Шәуке қаласын(Шағырды) қоршауға алып шабуылдады. Осы аласапыран кезеңдерде,  2092 жыл бұрын бұл елге әке өсиетімен Бегы(қытайша Вгүй, Бегімбет) би болып тағайындалады. Бегы би атауының Бегімбет болып айтылуының себебі ислам діні күшейген кейінгі ғасырларда қожалар шежіреге араласып, би сөздерін бет, мат, бат деп Мұхаммет атауына жақындатқанынан. Ғұн шабуылы кезінде Бегы би (Бегімбет) Үйсінге кетеді де, елдің жартысы Қарашәріге қарай Кенжелердің жеріне ауып, оларға Жеңіс(қытайша Жүнсу) би болады. Кейін Жеңістің орнына ұлы Вейбида(Би-Байтілес) би болды. Бұдан 2086 жыл бұрын ауған елге Думо(Темген. Би-Темген атауы Итемген делінген болар) би болып, ол тиімсіз жағдайларға байланысты елін Боғда тауының теріскейіне қарай көшіреді. Осыдан 2072 жыл бұрын, Қытай ұлықтары Шәукеге(Жяохэға) барғанда бұл жұртта қалған елде 6 мың адам болғанын, оның 1800-і әскер екенін, астанасы Шәуке(Жяохэ) екенін жазады. Ал, Боғданың теріскейіне асқан елде 4 мың адам барын, оның 1800-і соғысқа жарамды екенін, астанасының Тоғай (Тугу) екенін жазады. Тоғайды астана еткен әкелі-балалы Жеңіс, Итемгендер бастаған елдің бұл қаласын қазіргі Қызай шежіресіндегі Итемгеннен туатын Тағай деп, ал қаланың орнын Құтыби ауданындағы Торғайты қалашығы тұрған жер дей аламыз. Бұған қарағанда өз жұртында қалған ел - Дербістер мен Бегімбеттер. Шәуке(Шағыр, Зекті) қаласы тұрғындарының Дербіс шежіресінде осы атымен жүргеніне қарап, Бегы би(Бегімбет) Үйсінге кеткенде билік Дербістерге қарай аунағанын біле аламыз. Құтыби төңіреніне асқан ел Жеңістер(Итемген) мен Меңістер. Олардың елі Дувей(Тыби) деп аталды. Яғни, бұл атау Құтыби атауында бар. Құтыбида Қара-Төбе Қазақ ауылы бар. Ескі уақытта Төбе қаласы болған болса керек. Қала сөзі ескіде гора, күре, хоро атауларымен орнын тапқан. Олар өз елдерін Құтты-Болат бабаның атымен атаған сыңайлы. Ал, жұртта қалған елдің сол кездегі сыртқы атауы қытайша Хоушың делінді. Бұл атау жұртта отырған Дербістердің шежіресінде Қошан атауы болып кірген. 1- ғасырда жұрттағы Бегімбет-Дербістердің саны сол 4 мың адам, 2 мыңы қару ұстай алатын күйінде тұрды да, ал Құтыби жағындағы Жеңіс(Итемген)-Меңістер ұсақ елдерді шауып өзіне қосып алып, олардың саны 15 мың адамға, әскері 3 жарым мыңға жетті. 10- жылы елге Құрман(Хулан) қожа болса, 72 жылы елге Айт(Анды) қожа болды. 96-жылы Құтыбидағы ел Күнесте қалған елді жеңді. Қытайлар әскерін жеңген жаққа қарай бағыттады. 97 жылы елге Нұңси(Меңіс) би болып, билік алғаш рет Итемгендерден Меңістердің қолына өтті. 120-жылы Құтыбидағылары өздерін бақылауда ұстап отырған Ғұн ұлықтарын қуып жіберді. 125-жылғы Қытаймен соғыста Нұңсидың(Меңістің) ұрпағы Жүнжю би(Есенғұл) өлгендіктен, оның орнына елдің биі болып 126-жылы Меңістің тағы бір ұрпағы ұрпағы Жятыну(Хятыну, Құтымбет) Қытай үкіметі жағынан тағайындалды. Оларды 5-ғасырдың соңында Албандар мен Рамадандардың ортақ ата-бабалары құрған Әруан қағанаты басып алды. Құтым биден соң орнына ұлы Елдай(қытайша Алуодуо) би болады. Елдай екі рет би болған, ол ескі Қызай елінің 5-ғасырдың соңына қарай өмір сүрген ең соңғы биі. Қызайдың сол тарихта айтылатын Гус(Гушы) деген атауы Куча бегінің Үйсін биінің үлкен қызы Дүзай ананы алып, жергілікті Сақтарға бек болып Гушы елін құрғанынан келген. Қызай елінің құрушысы - Кучабек. Дүзай ананың Қызай атануы күйеуі құрған мемлекеттің атына байлансты ел анасы ретінде ардақталып мемлекеттің атымен аталып кеткен. Тайпаның төл атауы Шақ(Сақ) болған. Шағыр атауы содан шыққан. Шағырдан екі ру өрбиді. Ал, Қожабек(Қойшы аға) деген оңтүстіктен келген адамнан екі руымыз тарады деген Қызай шежіресінде Қожабек деп айтылатын адам  - Куча бегі. Гушы(Қызай, Гусы, Гуз) мемлекетінің оңтүстігінде Куча елі болған, яғни қазіргі Күшар. Куча текті екі рудың аласапыранда көшпей қалып қоюының себебі де осыдан. Шағырдың, яғни Шақ(Сақ) тайпасының тарихы Ошақтымен, Суанмен, Шанышқылының кейбір бөлегімен тамырлас. Өйткені, ежелгі Гуыс адамының сүйегінен анықталған генетикалық тексеру қорытындысы Ошақтымен, Суанмен бірдей нәтиже берген. Өңі Кавказдық өң мен Монғолойдтық өңнің араласуынан келіп шыққан екен. Ошақтының, Суанның(Суанг, Суағ) атауы да сол Сақ, Соғды атауынан келеді. Екеуі де ошақтың екі түрлі пішінін таңба етеді. Ошақтының ішіндегі 4 үлкен рудың бірі - Аталық. Кемеровтағы Шор халқы Қызаймен бір туған Құтымнан тарайтын Шеру руынан. Шордың ішіндегі Қызайлар осы Қызайдан соғыс ықпалымен бөлініп қалған топтар. Шорлардың ішінде Қызай, Шеру-Қызай(Шор-Қызай), Ақ Шеру(Ақ Шор), Қара Шеру(Қара Шор), Сары Шеру(Сары Шор) рулары бар. Кемеровтағы Қызай-Шерулердің генетикалық тексеруі бойынша олардың жарымынан астамы Ошақты, Суандармен, яғни байырғы Сақтармен ұқсас болған. Қызай басқа Найман руларына генетикалық жақтан жақын емес. Керемет мықтылары көп шығып, тарихта із қалдырған Итемгендердің қазіргі уақытта барынша аз болуының себі оларға Қарағас тиуінен. Үрімжі төңірегінде отырған Қарағас деген ел олармен тарихи-саяси қатынастарда болған. 

Қызай ана мен Мұрын ана туралы тарихи зерттеуімізді Қамшы сайтының көгілдір айдынынан күтіңіздер.

Бұл тарихқа қатысты маиериалдарды мына кітаптан табуға болады:
1. «
定古今图书集成»
2. «
汉书»
3. «
»
4. Алаш тарихи зерттеу орталығы, «Найман(3 томдық)»
5. «Қызайдың төр шежіресі»,  Айтқұрман Өрсарыұлы

Авторы: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қызай ана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір