07 Қазан, 2022 NEWS
Фото: inbusiness.kz
Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқасының мүшесі болып тағайындалды.
"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қазандағы шешімі бойынша, Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері енеді", – делінген хабарламада.
14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановқа, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын. Тамызда Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір