Фото: secure.avaaz.org
ҚР Парламентінің Сенаты мен Президентін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдаудан бас тартуға шақырған петиция жарияланды. Петиция авторы журналист, Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы Думан Смақов. Қазіргі уақытта петицияға 2500-ден астам адам қол қойған.
Автор түзетулер қабылданып кетсе, Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және басқа да желілердің Қазақстан интернет кеңістігінде жұмыс істеуіне қауіп төнетінін айтады.
Журналист түзету авторлары мұндай қадам балаларды кибербуллингтен (кибербуллиңнен) қорғау үшін жасалып отырғанын айтқанымен, бұл қадамдардың артында цензураны күшейту мен әлеуметтік желіні бақылауды арттыру тұрғаны анық деп санайды.
"Біз Сенаттан заң жобасын Мәжіліске қайтаруды, сонымен қатар, ҚР Құқық қорғау ұйымдарымен, мемлекеттік емес БАҚ өкілдерімен және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен заң жобасын міндетті түрде қайта түзеуді талап етеміз. Заң жобасы осы қалпында қабылданса – біздің қоғам ондаған жылға артқа кетері сөзсіз. Бұған қоса, саяси және экономикалық тұрғыдан шеттетілген мемлекеттермен бір қатарда болу қаупі бар. Барша қазақстандықтарды осы үндеуге қосылуға шақырамыз. Cебебі бұл заң жобасы әрқайсымыздың болашағымызға қатысты!" дейді автор.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір