• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 16:40:03
Алматы
+12°

11 Қараша, 2024 NEWS

Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені рас па? ІІМ жауап берді

ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қашып кетті деген әлеуметтік желілердегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Ашық дереккөзден

- Әлеуметтік желіде сотталып жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарауда. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр, - делінген хабарламада.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

- Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз, - делінген ведомствоның жауабында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бишімбаев жаза Сот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір