• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:57:05
Алматы
+35°

Фото: Ашық дереккөз

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан саяси партия құратынын мәлім етті. Ол партия атауы ЖЕР ҚОРҒАНЫ болады деп отыр.
 
 
"Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік – яғни бүгінгі залында отырғандардың – Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысу керек. Ол үшін біз – ел мен ұлт жанашырлары – жаңа партия құрып келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп – билікке келуіміз қажет! Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы ЖЕР ҚОРҒАНЫ болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білем. Жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз. Менің жанжақты ұстанымдарымды, пікірлерімді жақсы білесіздер деп ойлаймын. Егер менің саяси және экономикалық көзқарасымды қолдайтын болсаңыздар – бұл сілтемеге кіріп тіркеліңіздер! Келесі сайлаудың нәтижесінде (бәлкім биыл) біздің партиямыздың белсенділеріміз парламент пен үкіметте табылып Елімізге нағыз, өтірік емес, реформаны енгізетін боламыз!" дейді ол.
 
 
Мұхтар Тайжан 1973 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат Болатхан Тайжанның ұлы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінінің Заң факультетіне түсіп, білімін Польша астанасы Варшава қаласында жалғастырған. Варшава университетінде бакалавр және магистрлік дәрежелерін алған. Экономика ғылымдарыынң кандидаты

1997-2001 жылдар аралығында аралығында түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс атқарады:

  • ҚР-дағы стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі (Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының "Экономикалық өсу" басымдығы бөлігін жасаушылардың бірі);
  • ҚР Президент Әкімшілгі, Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс органдары, халықаралық экономика бойынша сарапшы;

2001-2003-ші жылдар аралығында "Қазақстан темір жолы" АҚ және "Ордабасы" корпорациясы" АҚ-та басшылық қызмет атқарған.

2003 жылдан бастап жеке кәсіпкер.

Соңғы жылдары қоғамдық, саяси мәселелерде белсенді болып жүр. Жер мәселесі бойынша құрылған комиссия құрамында болған. Бүгінде ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Жерді шетелдіктерге жалға беру, қазақстандықтарға сату мәселесіне қарсы. Латифунистер туралы ақпаратты көпшілікке қолжетімді қылу мәселесін де жиі көтерген. Бүгінгі билікті сынап, өзін әлденеше рет үкіметке ұсынып, мүмкіндік беруін сұраған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұхтар Тайжан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір