• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қыркүйек, 06:45:57
Алматы
+35°

Ертең ресми түрде Бейжіңдегі қысқы олимпиада басталады. Ойындар 4 ақпаннан 20 ақпанға дейін өтеді, оған 109 түрлі спорт түрінен 3000-ға жуық спортшы қатысады.

Қысқы паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді, оған 78 спорт түрінен 736 спортшы қатысады.

Ақ олимпиаданы спортсүйер қауым асыға тосып отырғанымен, Қытайдағы адам құқықтарының жағдайы бірқатар елдерді ойындарға дипломатиялық бойкот жариялауға итермеледі. 

АҚШ, Ұлыбритания және Канада Австралия, Литва, Косово, Бельгия, Дания және Эстония сияқты елдер кезекті қысқы олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялаған елдер қатарында.

Олардың барлығы спортшыларын жарысқа жіберсе де, ешбір министр немесе шенеунік қатыспайды.

Жапония ойындарға ешқандай үкімет министрлерін жібермейтінін, бірақ олимпиада шенеуніктерін жіберетінін айтты.

Жаңа Зеландия, Австрия, Словения, Швеция және Нидерланды ойындарға үкімет өкілдерін жібермейді.

Ойындарға бойкот жариялаған елдердің кейбірі Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ, қырғыз сияқты азшылыққа Бейжің тарапынан жасалған қатал саясатты "геноцид" деп атаса, кейбірі провинциядағы адам құқықтарының бұзылуын "адамзатқа қарсы қылмыс" деп сипаттайды. 

Бастапқыда Қытайдың Шыңжаңдағы қатаң саясаты "халықтарды күштеп ассимиляциялау және "этноцид" немесе "мәдени геноцид" ретінде сипатталды. Кейінірек толығырақ мәліметтер жиналды, кейбір үкіметтер, белсенділер, тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдар, адам құқықтары жөніндегі сарапшылар мен ғалымдар геноцид конвенциясындағы анықтаманың "этникалық топ ретінде жою ниеті" аспектісіне назар аудара отырып, оны "геноцид" деп атады.

Шыңжаңдағы азшылыққа жүргізіліп жатқан қатал саясатқа халықаралық реакциялар әртүрлі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің кейбірі Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Қытайдың саясатын айыптайтын мәлімдемелер жасады, ал кейбір елдер Қытайдың саясатын қолдады.

2020 жылдың желтоқсанында Халықаралық қылмыстық сот юрисдикциялық негізде Қытайды тергеуден бас тартты. Америка Құрама Штаттары адам құқықтарын бұзуды "геноцид" деп жариялаған бірінші ел және оның қорытындысын 2021 жылдың 19 қаңтарында жариялады. Бірнеше елдің парламенті Қытайдың әрекетін "геноцид" деп таныды: Оған Канаданың Қауымдар палатасы, Нидерланд парламенті, Ұлыбритания Қауымдар палатасы және Литва Сеймі сияқты заң шығарушы орындары кіреді. Жаңа Зеландия, Бельгия, және Чехия сияқты елдердің парламенттері Қытай үкіметінің Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр сияқты азшылыққа жасап жатқан қатал саясатын "адам құқықтарын өрескел бұзу" немесе адамзатқа қарсы қылмыс ретінде айыптады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір