• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 05:36:50
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала қайтадан "сары" аймаққа оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

15 желтоқсаннан бастап елорда "жасыл" аймақта. Алайда бүгінгі күні коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан қаласында RT репродуктивті саны – 0,993 құрайды, яғни 1,0-ге өте жақын, одан асып кеткен жағдайда қала "сары" аймаққа көшеді. RT репродуктивті саны аймақтарды анықтау критерийлерінің бірі.

Апталық ауырғандар көрсеткішін салыстыра отырып, аурудың өсуі байқалады, сол себептен Rt саны да өсуде. Мысалы, 17 желтоқсанда -532 жағдай , 18 желтоқсанда – 536, 19 желтоқсанда – 521, 20 желтоқсанда – 545 және 21 желтоқсанда аптасына 552 жағдай тіркелген. Елорда 7 күн бойы "жасыл" аймақта болғаннан кейін қосымша жеңілдіктер енгізілуі керек еді. Алайда, мерекеден кейінгі тұрақсыз жағдайды ескере отырып, эпидемиологиялық жағдайды тағы бірнеше күн бақылау жоспарлануда. Егер инфекция бойынша тұрғындардың шағымдары көбеймесе, онда сәйкесінше жеңілдетулер енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұрынғыдай маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, жаппай іс-шараларға қатыспауға шақырады. 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "Сары" аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір