• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 09:53:34
Алматы
+35°

Фото: Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жуырда Қазақстан қолөнершілер одағының ұйымдастыруымен Алматы қаласында республикалық «Шебер 2021» байқауы өтті. Оған Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының тұрғыны Ақшагүл Қарымсақова қатысып, «Ұлттық мәдени брэнд» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Әлия Әбдіхалықова мәлім етті. Актау

Оның айтуынша, қолөнер жарысына еліміздің әр түкіпірінен 100-ден астам қолөнер шебері қатысқан. Финалға 20 адам шықты. Оның оннан астамы түрлі номинация бойынша жүлдегер атанған. Актау

-«Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен өткен «Шебер» байқауы ел көлемінде 11-рет ұйымдастырылып отыр. Сайысқа «Адай рухының текеметі» деп аталатын қолөнер бұйымымды ұсыну арқылы финалға шықтым. Нәтижесінде «Ұлттық мәдени брэнд» номинациясын жеңіп алдым. Байқау жоғары дәрежеде өтіп, шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды», - деді Ақшагүл Қарымсақова.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Актау

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір