• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:58:00
Алматы
+35°
Польша заңсыз түрде өзінің шығыс шекарасы арқылы Беларусьтен өтпек болған мигранттар әрекетіне тосқауыл қойды. Алайда әлі мыңдаған адам жолда шекараға қарай беттеп келе жатыр, деп хабарлады ВВС.

Кеше польяк үкіметі шұғыл жиын өткізіп, шекара маңын бақылау үшін 12 мың әскери қызметкерді жіберген. Польша билігі мигранттардың шекара маңына үймелеуін Беларусьтің қастық әрекетімен байланыстырады.

Сондай-ақ Польша, Литва, Латвия елдері соңғы айда Беларусьтен өз елдеріне заңсыз кірмек болғандар тым көбейіп кеткенін хабарлады. Босқындардың дені Таяу шығыс пен Азия елдерінің азаматтары.

Ал Еуроодақ болса, Беларусь президенті Александр Лукашенконы адам нөпірін санкцияларға жауап ретінде ұйымдастырып отыр деп айыптайды.

Беларусь өзіне тағылған айыпты терістейді.

 Мужчина держит ребенка на границе Польши и Беларуси

 

Польша мигранттерді ауғанына кіргізбеу үшін тікенді сымтемірден қоршау құрып, Беларусьпен жалғап жатқан кузнец бекетін жапқан.

Шекарашылар мигранттарға қарсы қару қолдануы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ суық ауа райы да босқындар өміріне  қауіп төндіріп тұр.

Беларусь өз кезегінде босқындарды қайтып кіргізуден бас тартып отыр. Кей адамдар орманда үзіп өліп жатыр.

 
 
Польские войска и пограничники со щитами не дают мигрантам въехать в страну

BBC журналисіне пікір білдірген ирактық мигранттардың бірінің ағасы  Барва Нусреддин босқындар шекарада азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп жатқанын жеткізген.

Ол босқындар шекара маңына жиналу туралы әлеуметтік желіде сөйлескенін, бірақ бұл қадамға оларды Беларусь итермелеген болуы мүмкін екенін айтады.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір