• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

08 Желтоқсан, 16:35:36
Алматы
+6°

фото: Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында жедел жәрдем қызметі жұмысын бастады. Бұл туралы Мұнайшы ауылының әкімі Болат Бекмұрзаев мәлім етті. Оның айтуынша, Мұнайшы ауылында 6  мыңнан астам тұрғын бар. Осы күнге дейін Мұнайшы мен оған қарасты станция Жетібай елді мекеніне Жетібай ауылындағы жедел жәрдем қызмет көрсетіп келді.жедел

Енді бұл мәселе шешімін тапты. Жаңадан ашылған жедел жәрдем қызметіне ауылдың орталығында ғимарат берілді. Оған арнайы автокөлік, медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектер бөлінген. Енді тұрғындарға тәуліктік кезекпен 3 топ қызмет көрсетеді. Әр топта 1 фельдшер, 1 диспетчер және 1 жүргізуші бар», - деді Болат Бекмұрзаев. жедел

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір