• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 03:23:20
Алматы
+12°

Фото: Виктор Коточиговтың әлеуметтік парақшасынан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Коточиговқа Англияда шабуыл жасалды. Белгісіз біреулер оның үстіне қышқылға ұқсас сұйықтық құйып жіберген. Бұл  туралы ол өзінің әлеуметтік  желідегі парақшасында хабарлады. 

Оқиға салдарынан спортшының денесін күйік шалған. 

– Англиядағы жарыс мен үшін сәтсіз болды. Қысқаша айтсам, мен 11 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін Англияға ұшып келдім. Бөлме жалдап, жаттығуды бастадым. Төрт күн өтті. Бір күні түнде үйде ұйықтап жатқанда, есік артынан шу естілді, біреулер құлыпты ашуға тырысып жатты.  Орнымнан тұрып, қолыма пышақ алмақшы болдым. Бірақ асханада шанышқы мен қасық қана болды. Есік ашылып, адамдар баса-көктеп кіріп келді, бәрінің басында капюшон. Олар менімен төбелесуді жоспарламаған сияқты, өйткені үстіме қышқылға ұқсайтын затты құйып жіберіп, қашып кетті, – деді Виктор.

Содан боксшы бірден бапкеріне хабар берген. Жаттықтырушы спортшыны ауруханаға апарған. Ол күйікпен бірнеше күнді ауруханада өткізген.

– Мен ешкіммен жанжалдасқан жоқпын. Бұл кімге керек болғанын түсінбедім. Енді жарыстарға тек тексерілген жерге бару керектігін түсіндім, – деді ол. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Viktor Kotochigov (@viktor.boxerkz)

 




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір