• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:52:42
Алматы
+35°

Бүгін Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты аудандық сотта татуласу рәсімі кезінде психолог маманның қатысуымен жас отбасыларға, жас аналарға бала тәрбиесіндегі психологиялық кеңестер беру, өмірге деген құлшыныстары мен болашаққа деген сенімдерін арттыру, оларға күш-жігер беру, мотивациялық кеңестермен кеңінен насихаттау және ақпараттандыру.

Меморандумға Абай аудандық сотының төрағасы Д.Мұратбекұлы мен «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті Л.Қойшиева қол қойды, іс-шараға «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының қызметкерлері, АХАТ бөлімінің қызметкерлері мен судьялар қатысты.

Іс шара соныңда қоғамдық қорының президенті Абай аудандық сотының судьяларына осындай іс-шараны жүзеге асыруға өз үлестерін қосып жатқаны үшін алғысын білдірді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір