• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:10:30
Алматы
+35°

Істі сотқа жеткізбей шешудің бірден-бір жолы медиация. Бітімгерлікпен іс шешілсе, екіжаққа да тиімді. Осы орайда бүгін Шымкент қалалық соты мен Шымкент қалалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің арасында өз ара ынтымақтастық туралы келсімге қол қойылды.

Бұл келісімнің мақсаты қоғамдық қарым қатынасты сақтап, қоғамдық даукестік деңгейін төмендету болып отыр. Сонымен қатар, билер институтын жандандырып, құқықтық сананы өзгерту арқылы дауларды татуластыру арқылы жақсарту.

Жиынға қалалық сотының азаматтық істер алқасының өкілдері мен «Ардагерлер» кеңесінің төрағалары қатысты. Басқосуда алдымен дауларды сотқа дейінгі реттеу жөніндегі мәселелер сөз болды. Кез келген жанжалды соттан тыс шешу тетіктерін жетілдіру арқылы ұлттық құндылықтарды сақтау жолы айтылды.

Медиция жолы сөз болған жиында азамттық істер бойынша сотқа жүгінген жандарды бітімгерлікпен шешу жолында арнайы екі тарапты меморандумға қол қойды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір