• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:51:36
Алматы
+35°

1 сынып оқушыларына арналған "Менің алтын жазу үлгім" жұмыс дәптерінде балаларға жазуға ұсынылған сөздер тізбесінде "өл" деген сөз берілген. Бұл әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары оқу құралы сатылымнан алынуын талап етуде, деп хабарлады 31 арна телеарнасы. 

Білім және ғылым министрлігі өкілінің айтуынша, бұл дәптер министрлік тарапынан бекітілген оқу құралдарының тізімінде жоқ. Ал мұндай дәптерді қосымша оқу құралы ретінде пайдалану не пайдаланбауды мектеп басшылығының өзі шешеді.

– Аталған жазу дәптері секілді қосымша оқу басылымдарын, оқулықтарды, дәптерлерді және басқа қосымша материалдарды таңдау құқығы білім беру ұйымдарына берілген, – деді білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Айта кетейік, мұндай басылымдар ашық сатылымда немесе интернетте қолжетімді. Қосымша оқулықтар ертегілер жинақтары, дәптерлер сияқты олар арнайы бекітілмейді. 

0088.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Өл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір