• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:50:06
Алматы
+35°

Қазақстанда 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен балалар үшін оқу тегін болады. Бұл туралы премьер-министрің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

 – Колледждерде оқуға ниет білдірген 9-шы сынып түлектерін 100 пайызға тегін оқумен қамту жоспарлануда. Жыл сайын 9-шы сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда.

Олардың біразы қаржылық қиындықтарына байланысты колледждерді оқуын бітірместен тастап кететін жағдайлар да жоқ емес. Сондықтан жастарды, оның ішінде әсіресе аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалатын болады, –  деді премьер-министрің орынбасары.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан Колледж

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір