• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қазан, 02:16:05
Алматы
+5°

Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің інісі Семен Линдер спортшының қайтыс болу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Семен Линдер ағасының және өзінің спортта алған медальдарын жерге көміп жатқанын желіде жариялады.

– Аға, сен мәңгі менің жүрегімдесің! Бұл біздің медальдарымыз!, – деп жазды Семен.

Ол ағасының бойындағы жақсы қасиеттерін атап, үнемі оны жігерлендіріп отырғанын айтты.

– Ағамның алға қойған мақсаты болды. Ол ауыр атлетикамен өмір сүрді. Бұл істі бәрінен артық жақсы көрді. Спортқа жан-тәнімен берілді, штанганы қатты жақсы көрді, сол арқылы өзін тапты. Оның мақсаты мен арманы болды. Ол еліміздің патриоты еді. Қазақстан туын мақтанышпен көтерді.Жүрегі кең адам еді, – деп жазды інісі марқұм ағасы туралы.

Ол өз жазбасында Альберт Линдердің жаттығу кезінде күйзеліске түсіп, қолын сындырғанын және жаттықтырушысы марқұм спортшыны мамандарға жібермегенін айтты.

– Ағам спорттан кеткеннен кейін ауыр жағдайға тап болды, көңілі қалды. Бәрі оны ұмытып кетті. Жаттықтырушысы бірнеше рет келіп, дәл сол күйінде жаттығуды жалғастыруға көндіріп көрді. Содан кейін менің ағамның жаттығу жасамайтынын түсініп, ол да ұмытып кетті. Ағам ауыр атлетикадан басқа салада өзін таба алмады. Ешкімге ештеңе айтпастан кетіп қалды. Менің ағам кетті, – деді Семен Линдер.

Ол сондай-ақ мұндай жаттықтырушы балаларды жаттықтырмауы қажет екенін айтты.

– Бұл әрекетінен кейін қалайша жаттықтырушы ретінде қызметін жалғастырып жатқанын елестете алмаймын, – деді Линдер.

Ол кінәлі адамның заң негізінде жазалануы қажет екенін жеткізді.

Бұған дейін, қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер өзіне қол жұмсағаны хабарланған.

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Линдердің өлімі туралы айтып, спортшылар физикалық жарақат алып қана қоймай, психологиялық тұрғыда да зардап шегетінін жеткізді. Ол Қазақстанда мұндай атлеттер үшін қалпына келтіру орталығы жоқ екенін, тек бірнеше адам ғана спорттан тыс өмірде өз орнын табатынын жеткізді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Семён Линдер (@lindeers)






 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Альберт Линдер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір