• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:03:16
Алматы
+35°

Жамбылдағы жарылыс кезінде хабар таратып, жеке кәсіпкердің ауласында снаряд шашылып жатқанын желіде жариялаған 7 арна тілшісі Данияр Әлімқұл тергеуге алынды. Бұл туралы жамбылдық журналист Жасұлан Әбдіхалық әлеуметтік желідегі  парақшасында хабарлады. 

– Бүгін бір қора журналист ДВД мен прокуратураға бардық. ДВД құдайға қараған екен. Барған мәселемізді барынша түсіндіруге тырысты. Прокуратураң пысқырмады. Аға көмекшімін деген әдемі қыз шығып, "келесі аптаның сейсенбісінде келіңдер қабылдаймыз немесе әне тұрған қорапқа шағымдарыңды тастаңдар, болды" деп бұрылып кетті.

Байзақтағы жантүршігерлік жарылыстан кейін бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде "БАҚ пайдалану арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырған жалған ақпаратты тарату" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Облыстың екі журналисін ДВД-ға шақырып, біреуінің ұялы телефонын тәркілеп алыпты. 4 сағаттан астам ұстаған. Соткасы тәркіленген 7 ші арнаның "Айбат" жаңалықтар қызметінің тілшісі Данияр Әлімқұл, – деп жазды Ж. Әбдіхалық.

Журналист жазбасында Данияр Әлімқұлды куәгер әлде күдікті ретінде шақырғаны түсініксіз екенін айтып, бұл мәселе "бәленің бәрі Байзақтағы бір депутаттың үйінде үйіліп жатқан снарядтардан басталса керек" деп жазған.

– Біреудің қорасында айнала, бала-шағаға қауіп төндіріп жатқан пәленбай тонна металломды эфирге шығардың, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып жалған ақпар тараттың, жұртты дүрліктірдің деп айыптаса, қолындағы соткасын тәркілеп алса, біздің құзырлы органдар біткен екен. Шырақтарым-ау, қайта дер кезінде дабыл қағып елді сақтандырып, құзырлы органдарды құлақтандырып ақпарат таратқаны үшін сотка сыйлайтын жөндерің ғой. Ақпарат таратушылармен алысқанша алапат апаттың себебін анықтап, кінәлілерді жазалайтын уақыттарың болды емес пе?!

Жалпы қазір Жамбылда пиар жасауға, сенсация жасауға Сапарбаев пен Жылқыбаев қана құқылы. Оның өзінде тек жақсы жағын жазуың керек. Облыстың олқылығын айтып, сын жазсаң жаусың, іріткі салушысың, көзге шыққан сүйелсің! Осылай көзқарас қалыптасқан, қалыптастырған. Әйтпесе, бұл әңгіме маған екі күннен кейін жетті. Әкімдігің де, ішкі саясатың да, прессегің де, КНБ кураторына дейін хабардар! Өткендегі әкімдікке кіреалмай резонанс тудырған Ақбөпенің айқайын бәрі біледі, – деп жазды журналист.




 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Данияр Әлімқұл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір