• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

22 Қазан, 02:32:01
Алматы
+5°

Белгілі бизнесмен Болат Әбілов Forbes Қазақстан журналының шығарушысы Арманжан Байтасовпен сұхбаттар сериясының кезекті шығарылымында 90-жылдары қылмыс әлемінің серкелерімен туындаған мәселелерді қалай шешкенін айтып берді.

Кәсіпкер Butya компаниясы Алматыға BMW, Mercedes секілді шетелдік автокөліктер әкеле бастаған тұста "Рыжый Алмас", "Қара Алмас", "Сабыржан", "Баха-Фестиваль" секілді криминал авторитеттер, "Ағайынды төртеу" сияқты қылмыстық топтар "крыша" болғаны үшін бизнестің бір бөлігіне иемденуге тырысқанын еске алды.

– 1992 жыл. Сауда павильонының тұсында тұрғанмын. Қарасам, амбалдай жиырмаға жуық жігіт маған қарай келе жатыр екен. Алдыларынан шығып, не керек екенін сұрадым. Сөйтсем, Сабыржанға (Сабыржан Махметов - бұрынғы криминал авторитет, спортшы) көлік сатып алу үшін машиналарды көруге келіпті. Мен салонға тек бір адам ғана кіре алатынын айттым. Олар ертең Сабыржанмен бірге келетінін айтты. Ертеңіне бір топ адам келді. Бірақ ішке тек Сабыржанды ғана кіргіздім. Ол маған қандай мықты екенін, мен ақша төлеп тұруым керек екенін айта бастады. Мен оған да, басқаға да, тіпті шенеуніктерге де ештеңе төлемейтінімді, одан да ол ақшаны қайырымдылыққа бергенім артық екенін айттым. Егер мен тиын болса да берсем, өізмді сыйлаудан қалар едім. Қыссаңдар, қысыңдар, бірақ бір барлық жолмен қорғанатынымызды айттым. Сабыржан үндемей қалды. Артынша мащъшинаға жеңілдік сұрай бастады. Мен оған мықты болса, бірден толықтай төлем таста, мықтылар жеңілдік сұрамайды дедім. Ол не айтарын білмей қалды. Мұндай ұсыныспен Рыжий Алмас та келген. Ол да осынай жауап естіп қайтты, – дейді Әбілов.

Оның сөзінше, сол кезде бизнесмендердің басым көпшілігі бандиттерге ақша беріп тұруға мәжбүр болған. Тек санаулылар ғана төлемеген. 

– Криминал авторитеттер кәсіпкерлерді көлік сатып алып беруге мәжбүрлейтін. Мен ешкімнің аты-жөнін атамаймын. Бірақ Forbes Kazakhstan рейтингінде жүрген бірнеше адам кезінде бандиттерге авто сатып әкерген. Мен ешкімді айыптамаймын. Ол кезде адамдарға бас тарту қиын еді. Ерік-жігер барлығында бола бермеді. Дәл осы жағдай бойынша бұдан кейін де талай конфликт болды, – дейді бизнесмен.

Оқи отырыңыз:

♦  "Рыжий Алмасқа" сенде осы жерде проблема болады дедім – Болат Әбілов рэкеттер жайлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір