• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:38:16
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алғаш рет Шымкент қалалық Опера және Балет театрында сахналағанған «Домалақ ана» қойылымы енді «Астана Операда» сахналанбақ. Ол үшін Шымкенттік өнер ұжымы Нұр-Сұлтан қаласына гастролдік сапармен аттанды. Қойылымды елорда тұрғындарымен қонақтары 2-ші және 3-қыркүйек күндері «Астана Опера» театрынан кешкі сағат 7-ден бастап тамашалай алады. Сонымен қатар, аталған қойылымды алдағы уақытта «Абай» телеарнасы да көрермен назарына ұсынады. Ал, қойылымға 230-дай актер қатыспақ.

Бұл қалалық опера және Балет театр ұжымының алғашқы алыс сапарға шығуы. Сондықтан жолға ұзақ дайындалыпты. Оның үстіні карантин кезіндегі демалыстарда дайындықты тежеген. Соған қарамай ұжым тағлымы мен тарихи мәні терең операны сахналауға тас-түйін дайын. Ал, олардың үлкен сахнада сәтті өнер көрсетіп келулеріне қала әкімінің бірінші орынбасары сәттілік тіледі.

Шымкент қаласының опера және балет театрында үлкен өзгерістер орын алып жатқанына өздеріңіз де куәсіздер. Әлемге танымал Майра Мұхамедқызы қаламызға келген соң екі айдың ішінде «Домалақ ана» операсын сахналап шықты. Енді сол қойылыммен Елордаға аттанғалы отырсыздар. Жолдарыңыз болсын! Бұл сапар еліміздің Конституциясы күні мерекесімен қатар келіп отыр. Алдағы он жылдың ішінде Шымкенттің мәдениет саласының шоқтығы бұдан да биікке көтеріледі деп сенеміз. Себебі, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен Шымкентте арнайы опера залы салынады деп жоспарланып отыр. Нұр Сұлтанның қойылымға келген әрбір тұрғыны керемет әсер алып қойылымды жақсы тамалап шықса онда мақсаттың орындалғаны. Сол үшін сәттілік тілеймін.

Айтып өтейік, «Домалақ ана» – Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера. Жаңа қойылым Шымкентте алғаш рет сахналанды. Көктемде көрермен назарына ұсынылған қойылым осы уақытқа дейін 29 рет көрермен назарына ұсынылған. Бірақ, ұжым бұл жолы елордалық көрермендер үшін толықтырулар енгізіпті.

Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызының айтуынша, пандемияға байланысты екі жылдан бергі алғашқы сапарға ұжым тыңғылықты дайындалған.

Енді қазір біз толықтап, Бәйдібек атамыздың да даналығын Домалақ ананың да абыз анаға айналған даналығын осы жолы толықтап монолог қосып кішкене реттеп алдық.

Нұр-Сұлтан қаласына қойылымды сахналау үшін театрдың 170-ке жуық қызметкері аттанса, елордадан 50-ге жуық маман мен арнайы аспаптармен қосылып, «Домалақ ана» операсы нақышына келтіріп орындалмақ. Сапар алдында театрдың бас суретшісі Бақтыбай Күзембаев сәтті сапар тілеп, бата берді. Сөйтіп, бас-аяғы 230 адам Домалақ ана операсының толықтырылған нұсқасын көрермен назарына ұсынады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір