• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қазан, 09:09:44
Алматы
+9°

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті соңғы аптада "қызыл" статусы бола тұра карантинді бұзғандардың жаңа тізімін жариялады.

Бұл жолы 14 күндік үй карантинін бұзғаны "Ashyq" қосымшасы арқылы анықталған тұрғындарға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған (шамамен 87 мың теңге – ред). Оның ішінде екі тұрғын екі рет қайталап ереже бұзған.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басшысының орынбасары тізімге негізінен студенттер, білім беру, медицина, банк секторы, өнеркәсіптік кәсіпорындар, сауда және кеңсе қызметкерлері кіргенін айтты. Олар көбінесе мейрамхана, кафе, фитнес-орталығы, базар, әуежай, университет, сауда нысанына кіруге тырысқан.

Жасыл базардың өзінде шілдеден бастап "қызыл" статусы бар, яғни ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсткен 31 тұрғын анықталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Ashyq

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір