Қазақ КСР-нің халық артісі, әншi, композитор, ерлі-зайыпты Ескендір, Дарико Хасанғалиевтер реанимацияда жатыр. Олар коронавирус жұқтырған. Бұл туралы әншілердің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram парақшасында хабарлады.

– Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің "жағдайы бірқалыпты" деген сөзі көп үміт және сенім береді, – деп жазды желідегі жазбасында.

Бұған дейін Біржан Хасанғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында ата-анасының коронавирус жұқтырғанын жазған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы (@birjan_khassangaliev)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір