Бір тәулікте елде 2656 адамнан коронавирус табылып, 71 науқастан пневмония анықталған. 27 адам короновирустан, 1 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 281 351 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 51 695 адамнан пневмония анықталған.

16 сәуірдегі ақпарат бойынша 36 868 адам короновирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 12 941 пациент стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. ш Індетке алдыққандардың арасында 616 адамның жағдайы ауыр, 168 пациенттің жағдайы өте ауыр, 118 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

16 сәуірдегі жағдайға сай, 576 459 адам коронавирус вакцинасын салдырған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір